Сипаттамасы
Бірінші нұсқа – қос енгізімнен қоректендіріледі. Шиналардың әрбір секциясы өзінің жұмыс енгізімінен қоректендіріледі. Бірінші енгізім екінші енгізім үшін резервтік және керісінше болып табылады.
Екінші нұсқа – үш енгізімнен қоректендіріледі. Бірінші нұсқаға ұқсас, бірақ дизельдік электр станциялардың (ДЭС) секцияларының біріне арналған қосымша резервтік енгізімді қарастырады. Ол бойынша қорек қос жұмыс енгізімін бір мезгілде өшірген кезде беріледі.
Түріне қарай ШО 8320 конструкциясы панелдік – IP 00, немесе шкафтық – IP 41 орындалымдағы бір жақты қызмет көрсететін қалқанды білдіреді. Олардың пайдаланылуын ескере отырып, оның ішінде модулдік конструкцияның қалқандарында, ашық және қорғалған орындалым қалқандарында қолданылатын біріздендірілген қаңқа негізінде әзірленген.
Қоректендіру кәбілдерін жеткізу астынан – шкафтың тереңдігі 600 мм - немесе үстінен және астынан – шкафтың тереңдігі 800 мм - жүргізілуі мүмкін.
Шкафтар отандық, сондай-ақ шетелдік фирмалар өндірген автоматты ажыратқыштармен бірге жеткізілуі мүмкін.
Шкафтардың типтері, олардың габариттік өлшемдері, аппараттардың саны мен номиналды токтары 1-кестеде келтірілген.