РУСН-0,4 сериялы ТЖҚ РУСН-0,4 (КТПСН)

    Өндіруші:
    Ресей

    Жеткізу:
    Ресейдің кез келген өңіріне және ТМД-ға жеткізіледі

    Жалпы мәліметтер:
    Электр энергиясын тарататын төмен вольтық жиынтық құрылғылардың біріздендірілген сериясы элетр станцияларында 0,4 кВ элетр энергиясын кеңейтуге арналған.

    • РУСН-0,4 «Контактор» АҚ (Ульяновск қ.) өндірген ВА сериялы шығарылатын автоматты ажыратқыштары бар ұяшық үлгісіндегі қалқан түрінде дайындалады.

    • РУСН-0,4 қалқандары қуаттылығы 1000 кВА күш беретін трансформаторларға арналған.

    Санаты:

    Сипаттамасы

    Жалпы алғанда, РУСН-0,4 Минск электртехникалық зауыты өндірген КТПСН қалқандарының аналогы болып табылады, дайындауға тапсырма осы зауыттың сұрау парақтары бойынша қабылданады, бірақ бұл жағдайда конструктив келесі айрықша белгілерге ие болады:

    • Күш беретін және релелік блоктарға құжаттама жеке әзірленген. Бұл жағдайда күш беретін блок ажыратқыштан және сигнал аппаратынан тұрады, 4БР-603-00 және 4БР-603-10 үлгісі бойынша жеке релелік блоктарға қажеттілікті болдырмайды;

    • Күш беретін блокта сигнал аппараттарының болуы жеке релелік блоктар болмаған кезде бір шкафқа 6 ажыратқышқа дейін орналастыруға мүмкіндік береді;

    • құрастырылатын-бөлшектелетін қалқандар, басты шиналар қалқанның үстіне орнатылады, бөлшектенуі де мүмкін, мұның өзі қажет болған жағдайда монтаждау орнында қалқанды жеке шкафтарға бөлшектеуге мүмкіндік береді.

    Нысанды толтырып, сұрау парағын алыңыз.

    Нысанды толтырып, PDF форматында каталогты алыңыз