МЖТҚС-25…250/6(10)/0,4-У1 мачталық трансформаторлық қосалқы станциялары.

    Өндіруші:
    Ресей

    Жеткізу:
    Ресейдің кез келген өңіріне және ТМД-ға жеткізіледі

    Жалпы мәліметтер:

    Қуаттылығы 25-250 кВА МЖТҚС үлгісіндегі мачталық трансформаторлық қосалқы станциялар сырттан орнатылатын тұйық үлгідегі бір трансформаторлық қосалқы станцияны білдіреді, жиілігі 50 Гц, кернеуі 6 немесе 10 кВ үш фазалы айнымалы токтың электр энергиясын қабылдау, оны 0,4 кВ кернеулі электр қуатына түрлендіру және онымен елді мекендер мен өнеркәсіптік объектілерді электрмен қамту қызметін атқарады.

    Сипаттамасы

    МЖТҚС қалыпты жұмысы келесі жағдайларда қамтамасыз етіледі:

    • теңіз деңгейінен орнату биіктігі 1000 м аспайды;
    • І орналасу санатында ОСК орындалымына сәйкес келетін қоршаған ауа температурасы — минус 60-тан плюс 40°С-ге дейін; І орналасу санатында — ГОСТ 15150-69 және ГОСТ 15543. I-89 бойынша минус 40-тан плюс 40°С-ге дейін;
    • қоршаған орта – ГОСТ 15150-69 бойынша Ө үлгілі өнеркәсіптік атмосфера, жарылысқа қауіпті емес, құрамында рұқсат етілмеген шекте МЖТҚС параметрлерін азайтатын концентрацияларында химиялық белсенді газдар мен булар жоқ.

    Қосалқы станция конструкциясының қысқаша сипаты және әрекет қағидасы.

    МЖТҚС жоғары вольттық енгізу шкафынан, төмен вольттық шкафтан және трансформаторлы платформадан тұрады. ТМ немесе ТМГ үлгісіндегі трансформатор ашық орнатылады және атмосфералық жауын-шашыннан күнқағармен қорғалған. Күш беретін трансформаторды жоғары кернеу жағынан фазааралық қысқа түйықтаулардан қорғау үшін FU1- FU3 сақтандырғыштары орнатылған. 0,4 кВ тармақ желілерін артық жүктеу мен қысқа тұйықталудан қорғау QF1-QFn ажыратқыштарының құрамдастырылған ағытқыштарымен іске асырылады. МЖТҚС-ны артық кернеуден қорғау үшін АКШ қызмет етеді: ЖК жағындағы FV1-FV3 және ТК жағындағы FV4-FV6. Қосалқы станцияларың қосымша қосылыстарының схемалары келесілерді қарастырады: ТКТҚ енгізудегі белснеді энергия есебі (электр қуаты шығынын PI1 есептеуішімен жүргізіледі); көше жарығын автоматты түрде қосу мен өшіру (сыртқы жарықты қосу мен өшіру автоматты басқару режимінде – KV1 фоторелесінде жүргізіледі).
    МЖТҚС ГОСТ12.1.004-91 бойынша өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді.
    ГОСТ 12.2.007.0-75 және ГОСТ 12.2.007.4-75 бойынша қауіпсіздік талаптары.

    Нысанды толтырып, сұрау парағын алыңыз.

    Нысанды толтырып, PDF форматында каталогты алыңыз