«Чебоксары электрмонтаждау бұйымдары зауыты» ЖШҚөндірістік қуаттылықтарды ұлғайтуға байланысты өз қызметін кеңейту бағыттарын іздестіріп келеді. Қазіргі таңда «ЧЭМБЗ» ЖШҚ өңірде серпінді дамып келе жатқан кәсіпорын болып табылады, өзін электрткхникалық өнімдердіөндіруші және жеткізуші ретінде жақсы таныта білді. Тапсырыс берушіге ерекше көңіл бөлінуіне орай, біздің кәсіпорын сенімді әрі ұзақ мерзімдік серіктес беделіне ие.

Кәсіпорынның ресурстары жобалау шешімін жасаудан бастап бұйымдарды дайындағанға дейінгі бүкіл циквлды қамтуға мүмкіндік береді. Өнім тұтынушыға өзінің жеке автокөлігімен жеткізілуі мүмкін. «ЧЭМБЗ» ЖШҚ жобалау және технологиялық құжаттама жасауды автоматтандырудың қазіргі заманғы жүйесін пайдаланады.

Кәсіпорынның қалыптайтын, металл кесетін, иетін жабдықтан тұратын станок паркі бетті қалыптайтын, токарлық, фрезерлік операцияларды орындауға және түрлі үлгі өлшемдегі бөлшектерді өте қысқа мерзімде жеткілікті мөлшерде дайындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы озық технологияларды пайдалануды жоғары білікті мамандардың бай тәжірибесімен үйлестіру шығарылатын өнімнің жоғары сапасына кепілдік береді.

Бөлшектерді дайындауға қажетті құрал-саймандарды уақытша пайдалануға тапсыру, сондай-ақ жиынтық құраушы бөлшектерді жедел жеткізу және баға саясаты Сізге өндірістік алаңдарды ұлғайтпай-ақ өнім шығару көлемдерін ұлғайтуға көмектеседі.

Қосымша қызметтердің толық тізбесі:

    • МЕТАЛЛ ӨҢДЕУ (КЕСУ, ДӘНЕКЕРЛЕУ, ИІЛУ)
    • ЛАЗЕРЛІК ӨҢДЕУ
    • ТОКАРЛЫҚ ЖӘНЕ ФРЕЗЕРЛІК ӨҢДЕУ
    • ПОЛИМЕРЛІК ҰНТАҚТЫҚ БОЯУ
    • ТОК ЖҮРЕТІН ШИНАЛАРДЫ ӨҢДЕУ

Біздің әсіпорын сенімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағытталған. Осы ұсынысқа қызығушылық танытқан жағдайыңызда, Сіздің барлық тілектерінің мұқият қарастырылатын болады.